2024
01
PAH, HNF4A, GCK, HNF1A, IPF1/PDX1, HNF1B, NEUROD1, KLF11, CEL, PAX4, INS, BLK, ABCC8, KCNJ11, APPL1, WSF1, COL4A3, COL4A4, COL4A5, COL4A6 гендерінің мақсатты аймақтарын амплификациялау үшін праймерлер панелін жобалау және синтездеу. Мақсатты секвенирлеу жағдайларын пысықтау және фенилкетонурия, MODY диабеті мен нақтыланбаған түрі, Альпорт синдромы диагнозы қойылған науқастардағы мутацияларды анықтау үшін бақылау үлгілерінің коллекциясын қалыптастырудың басталуы. Колоректалды қатерлі ісікке қатысты зерттеу тобын іріктеу және қалыптастыру
02
Гоше ауруын жоғары дәлдіктегі әдістер, соның ішінде масс-спектрометрия негізінде диагностикалаудың қолданыстағы әдістеріне шолу жасау. Объективті көрсеткіштерді дайындау және Гоше ауруының биомаркерлеріне қатысты патенттік ақпаратты іздеу. Тәжірибелік жануарлардың қан плазмасынан негізгі ақуыздарды жою үшін иммунодеплеция әдісін оңтайландыру
03
3-типті аденовирустың гексон және ротавирустың VP4 антигені гендерін жобалау және синтездеу. 3-типті аденовирустың гексон гені мен ротавирустың VP4 антигені генін қамтитын экспрессиялық генетикалық құрылымдарды алу. Антибиотикке төзімді A. baumannii изоляттарынан ДНҚ жинау және сәйкестендіру. A. baumannii изоляттарының ДНҚ коллекциясын қалыптастыру. B. burgdorferi s.l. және B. miyamotoi геномдық ДНҚ-сының ерекше аймақтарын анықтау үшін патенттік іздеу жүргізу, праймерлер мен флуоресцентті зондтарды жобалау. Праймерлер мен зондтарды синтездеу және тазарту. Бактериялардың мұрағаттық үлгілерімен верификациялық ПТР жүргізу
04
Кері транскриптазалардың аминқышқыл тізбектерін биоинформатикалық талдау және оңтайлы фермент тізбегін анықтау. Кері транскриптаза генін экспрессиялық вектор құрамында клондау. Қазақстан Республикасының аумағында ресми және дәстүрлі медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілік өсімдіктер, өсімдік шикізаты негізінде жасалған препараттар және дайын фитопрепараттар тізімін аннотациялап құрастыру
2025
01
Праймерлердің өнімділігін тексеру жұмыстары жүргізілді және гендегі мақсатты аймақтарды амплификациялау үшін ПТР реакциясының шарттары оңтайландырылды. Шартты түрде сау адамдардан, сондай-ақ фенилкетонурия, MODY қант диабеті, Гоше, Альпорт синдромы, колоректальды қатерлі ісік диагнозы қойылған пациенттерден биоматериалдар жиналынды
02
KRAS/BRAF мутациясының скринингі жүргізілді
03
Эксперименттік жануарлардың қан плазмасын иммуносупрессиялаудың оңтайландырылған әдісі қолданылды
04
3 типті аденовирустың рекомбинантты гексоны алынып, оны тазарту шарттары анықталды
05
Тест-жүйелерінің реакциялық қоспасының құрамы әзірленіп, оңтайландырылды
06
Штамм-өндірушісі алынып, рекомбинантты кері транскриптаза E. coli жасушаларында жинақталды
07
ДНҚ баркодтау кезінде қажетті өсімдіктердің генетикалық маркерлерін амплификациялау үшін қолданылатын әмбебап праймерлер таңдалынды
08
Антибиотиктерге төзімділікті анықтайтын генетикалық маркерлер айқындалды